Quantcast
Channel: sjanbolat 的个人博客
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Қырғыз-Қытай шекарасындағы атысты кім ұйымдастырғаны анықталды

$
0
0

Қырғыз-Қытай шекарасындағы атысты кім ұйымдастырғаны анықталды

Астана. 24 қаңтар. Baq.kz – Қырғызстанның Қытаймен шекараласатын аймағында шекарашылармен атысқан қылмыстық топтың кімдер екені анықталды. Олар Қытайдың Синьцзян-ұйғыр автономиясынан қашқан сепаратистер деп жазады Tengrinews.kz, Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің басшысы Райымберді Дүйшенбиевке сілтеме жасап. Ол лаңкестердің өзімен бірге доллар және юань, сондай-ақ, діни кітаптар алып жүргендігін де айтты. 
Дүйшенбиевтің айтуынша, шекарашылардың "беріліңдер" деген бұйрығына қылмыскерлер "Аллаху әкбарлап" жауап берген. Лаңкестік топтың әрбір мүшесінде өзімен бірге өлгенде киетін кебіні де болыпты.
"Олардың әрқайсысында 15 метрлік жіп, бетперде, қап, компас, топографиялық карта, Қытай юаньдары мен америкалық доллар болған. Қытайдың Уши елдімекенінде олардың отбасы мүшелері өмір сүреді" деді Дүйшенбиев шекарада орын алған оқыс оқиға жайында.
Оның айтуынша, қылмыскерлер өздері жасырынған ғимаратты өртеп, түн түсісімен қоршаудан қашып шықпақ болған. Алайда, олардың бұл әрекеті жүзеге асқан жоқ. Қазір оқиға орнына Қытай елшілігінің өкілдері келіп жетті. Олар мәйіттерді анықтауға жәрдем бермек.
Ал, лаңкестердің құрбаны болған орманшы Александр Барыкин мемлекеттік наградаға ұсынылатын болады. Оның отбасына ел президенті көңіл айту жеделхатын жолдаған


Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>