Жамылғысы енді ғана ашылған сыр...
Астана. 23 желтоқсан. Baq.kz – 2003 жылдың тамызы оған ұрпақ жағынан сый жасаған. Ол Ливанның Бейрутында тағы бір нақсүйері, орыс сұлуынан қызды болған екен.
Ол, иә, ол осындай да құпияға ие болып шықты. Білетіндер бұл жағдайдың жабық күйде өткенін, тіпті, бауыры Гүлшаттың ғана хабардар болғанын айтады. Алыстағы шығыс елінде әлдилі болған «ғашығының» күтімі міне, соның мойынында болған.
Бірақ, орыс сұлуының да өз есебі болған көрінеді. Бұдан былай, көп ермектің бірі емес, енді генералына өктемдетіп сөйлесе алады. Өйткені, екі арада байланыстырушы көпірлері бар. Екі жыл таныстықтың жемісі осындай нәтижеге жеткізіпті.
Бәрі керемет, осылай жалғаса берер ме еді...тек, тек, орыс сұлуының Тәшкенттегі анасы, бауырымен байланыс жасауға ұмытылуы болмаса. Құр ғана «байланысқа шығып» қойса мақұл ғой, ғаламтор арқылы жіберген хабарламасында мұның ауызынан бірде абайсызда шығып кеткен «мемлекет» үшін, дәлірегі сол мемлекеттегі оның тағдыры үшін маңызы бар деректің көрініс тапқаны араны улады.
Шешім тез болған. Үкім дереу кесілген. Венадан сондағы жандайшаптарына бір ғана телефон қоңырауы... Көпқабатты үйдің балконы...арғы жағы түсінікті. Арадағы бала да тоқтата алмапты оны.
Білетіндердің сендіруінше, өмірі драмалық триллерге белгісіз кейіпкердің кезекті бір сезімдік эпизоды осылай аяқталған.
Ал, басында ол оны кәдімгідей шетелдегі бір қаланың көшесінен ұстаған-мыс. Көрген де, қасындағы жандайшабының бірін жұмсаған.
«Танысайық, білісейік» деп арбаған да, әлемнің жартысын аяғының астына әкелуге уәде етіп, өзімен бірге алып кеткен.
Білсе ғой, сонда, орыс сұлуы көп ләззат берушінің бірі және нақ бұл сәттің тағдырлы сәт екенін. Бірақ, бұл өмір. Рахаттың "рахат" үшін сүрген өмірі!
Бауыржан Асқар