Quantcast
Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Қоғамдық ұйымдар көші-қон «жүгін» көтеруге дайын

Қандастарымыздың қоғамдық ұйымдары көші-қон «жүгін» көтеруге дайын

17 Қыркүйек 2013, 16:59850

АСТАНА. 17 қыркүйек. BAQ.KZ – Бүгін Астана қаласындағы шеттен келген ағайындар үшін қызмет етіп жүрген бір қанша қоғамдық ұйым басшылары бас қосып, «Қандастарымызды орналастыруда қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесуде көші-қон мәселесі мен тарихи отанына оралған қандастарымыздың құжаттық, әлеуметтік қиындықтары да сөз болды,-деп хабарлайды BAQ.KZ AA тілшісі.  

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Басқосу «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрметбек Көбей жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Дүйсенова Тамара Босымбекқызының қабылдауында болып, көші-қон және қандастарымыздың қазіргі дөп келіп отырған қиындықтары төңірегінде ой бөлісіп, шетелден келген қазақтардың қоғамын басқарып отырған басшы ретіндегі ұсыныстарын жеткізгенінен басталды. Оның айтуынша, соңғы жылдары қордаланған мәселелердің шешілуіне қоғамдық ұйымдардың да үлесі болуы керек. Сондықтан да Құрметбек Көбейдің министр ханымға бірінші ұсынысы – министрлік жанындағы Көші-қон комитеті мен қоғамдық ұйымдар арасында меморандум жасалып, қандастарымыздың проблемасын ортақ шешу жайлы болыпты.
– Министр Тамара Босымбекқызының қабылдауында болған кезде өз тарабымнан үш ұсынысты жеткіздім. Ең алдымен, шетелден келген қазақтардың қамын жеуге тырысып жүрген қоғамдық ұйымдар мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті арасында меморандумдар бекітіліп, бірлесе жұмыс жасасақ деген өтінішті айттым. Екіншісі, атажұртына жетуге ынтасы бар, бірақ көшіп келуге жағдайы болмай отырған отбасыларын да мемлекеттік құзырлы органдарымен бірлесе отырып көшуіне мүмкіндіктер жасасақ. Оларды моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша иен қалған аудан, ауылдарға орналастырсақ деген ұсыныс болды. Көші-қон комитеті отанға оралған қазақтардың өзекті мәселелерін шешетін қазіргі кездегі бірден-бір мемлекеттік ұйым болғандықтан, осы мекемеге шетелден келген қазақ зиялысынан бір адамды жұмысқа тартсаңыздар деген үшінші ұсынысымды да айттым. Алдағы уақытта осында отырған қоғамдық ұйым басшыларымен бірлесе отырып жоғарыда айтылған ұсыныстар төңірегінде жұмыс жасайтын боламыз,-дейді «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Дөңгелек үстелге Алматыдағы «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рақым Айыпұлы, Көші-қон комитетінің өкілі Марат Тоқсанбаев және «Қазақстанда парламетшілікті дамыту қорының» төрайымы Зәуреш Батталова қатысып қандастарымыздың құжаттық, әлеуметтік қиындықтары жайлы ой өрбітті.

Автор: Майгүл СҰЛТАН

Viewing all articles
Browse latest Browse all 818

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>