Дәрігерлер адамға 10% ғана көмек бере алады
05 Қыркүйек 2013, 17:30961
Астана. 5 қыркүйек. Baq.kz – Адам денсаулығының 15-30 пайызы генетикалық факторларға байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл - Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Адам денсаулығының 40 пайызы оның өзіне тікелей байланысты болса, 15-30 пайызы генетикалық факторлардың әсері болып саналады. Денсаулықтың 15 пайызы қоршаған ортаға тиесілі. Ал дәрігерлердің көмегі тек 10 пайызды ғана құрап отыр», - деді «Денсаулық фестиваліне» орай өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Сәбит Әбдірайымов.
Халықтың денсаулығы қуатты экономиканың негізі екендігін атап өткен маман осы қағиданы бүгінгі ұрпаққа барынша жеткізе білуіміз керектігін ерекше атап өтті.